Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Еспанов ата болуға дайындалып жүр

Әнші әрі композитор Нұрлан Еспанов былтыр тұңғыш қызы Әйгерімді ұясынан ұшырып, құтты орнына қондырған еді.

еспановтар

Шоу-бизнестегі әріптестерін шақырып, дүркіретіп той жасаған Еспанов қызына әкелік ақ батасын беріп, нағыз жұртына шығарып салған-ды. Ал енді композитор ата болуға дайындалып жүр. Қуанышты жаңалығымен ол 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында бөлісті.

Жалғыз ұлдың әкесі Еспанов:

«Қыз болса да, ұл болса да, маған бәрібір. Жалпы әйелім дүниеге қыз алып келгенде де, ұл алып келгенде де еш өкінген жоқпын. Келіншегіме ол үшін ештеңе деген емеспін. Бірақ соңғысын ұл болады деп күткен едік, қыз болып қалды. Анда-санда узи да алдайды екен. Бірақ оған ешқандай өкінбеймін», – деді композитор.

Әрқашан көңілді жүретін әрі мақтанғанды ұнататын Нұрлан Еспанов бұл жолы да қарап қалмады.

«Керемет ата боламын ғой мен», – деп уәде берді. Әрі қарай:

«Менің салмағым жоқ қой, жүгім жоқ. Ешкімді қинамаймын. Бастысы жастар бақытты болса болды. Олар өзінше өмір сүреді ғой бәрібір. Сен айтсаң да, айтпасаң да, тыңдамайды. Өздерінің махаббаттары, бір-біріне деген сүйіспеншіліктері бар. Тек қана бақытты болсын. Керек жерінде көмектесіп тұрамын», – деді.

Screenshot_8

Еспановтың тұңғышы Әйгерім өмірлік жолдасымен

Жіберіп алмаңыз: 

Қаракөз Тілеубекова: Келін ешқашан да қызыңдай болмайды

Тимур Балымбетов: Қайрат Нұртас – өз ісінің кәсіби маманы

Санда 10 жыл бойы көрмеген әкесімен жүздескенде көзіне жас алғанын айтты

Мәдина Сәдуақасова жүктілігін жасыруының басты себебін айтты

Динара Сұлтан өнер жолындағы демеушісінің өз күйеуі екенін мойындады

 

Талқылау