Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Еспанов әскердегі сарбаз ұқсап шашын түгелдей алып тастады (фото)

Әнші әрі композитор Нұрлан Еспанов шашын түгелдей алып тастады. Оның «фантомастың» рөліндегі суреттері желіде қызу талқыға салынды.

14294713_1602018813428136_817409803_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Нұрлан Еспанов өзі туралы дақпырт әңгімелерден қорықпайтын батыл әнші. Оның мына бір қызықты суреттеріне оқырмандары неше түрлі пікір білдірді. Кейбіреулер Еспановтың әзіліне сеніп: «Шашыңыз қайда?», «Түріңіз біртүрлі болып қалыпты», «Басыңыз Лениннің басына ұқсап қалыпты», «Жаңа шаш үлгісі жарасады екен», «Құдай-ау, шашыңызды не істегенсіз?», «Аман болса басыңыз, тағы шығар шашыңыз» – деп жазған. Оқырмандардың келесі легі Еспановтың парик киіп алғанын аңғарып қойды.

«Парик қой», «Киіп алғаныңыз көрініп тұр, шашыңызды алмаңыз», «Резинка киіп алғаны көрініп тұр» – дейді олар.

Ал Еспанов соңғы жариялаған суретінде түсірілімде жүргенін аңғартты. Әнші Ғаділбекпен түскен ол: «Съемкадамыз, жаңа шаш үлгісі», – деп жазды.

14269066_142091459580210_1395575462_n

14269152_763386530468839_1392821652_n

14374356_1130264707021198_1169917584_n

Жіберіп алмаңыз: 

Нұрлан Еспанов қатарынан 2 үй алғанын айтып мақтанды

Орынбасаровтың 1 жасар ұлы Еспановқа пародия жасады (видео)

Мақпал Исабекова: Түнімен мәнті сатып, секонд-хэндте киінген кездерім болды

Кремльде ән салған Мейрамбек Беспаев туған еліне алғыс айтты (фото, видео)

Талқылау