Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Абдуллин жұлдыздарға арнап бизнес алаң ашты

Әнші әрі табысты кәсіпкер Нұрлан Абдуллин эстрада жұлдыздарының басын қосып, көңілді кештер өткізіп, әншілердің тыңдармандарымен жүздесіп, демеушілер табатын орын ұсынды. Оның бұл бастамасын әнші Ділназ Ахмадиева да қолдай кетті.

14278922934579

Фото: comode.kz

Абдуллиннің айтуынша, бұған дейін қазақ эстрада жұлдыздарының тұрақты түрде бас қосып отыратын жері болмаған. Одан бөлек, жаңа алаңның кәсіпкерлер үшін де есігі айқара ашық. Олар көңілінен шығып жүрген әншілермен кездесіп қалаған жағдайда демеушілік көрсете алады.

«Шығармашылығына тәнті болып жүрген адам болса ол кездесіп айтуы мүмкін. Бейнеклип түсіріп беруге не болмаса күйтаспасын шығарып беруге… Мүмкіндік көп бұл жерде. Расында да өнер адамдарының бас қосып, жиналып отыратын жері жоқ бүгінде», – деп атап өтті Абдуллин НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына берген сұхбатында.

Бұл орайда әнші Мақпал Исабекова кәсіпкерлерге сәлем жолдады:

«Бизнесмендердің әртістерге көмектесеміз деген ниеті болса, онда мархаббат… Келіңіздер, танысыңыздар, қол ұшын беріңіздер сүйікті әртістеріңізге, ол тек жақсы ниетпен қарсы алынады».

Есесіне Луинаның продюсері әрі сүйіктісі Жомарт Сүлейменов жомарттық танытып, әншілерге ақшасын бере салатын кәсіпкерлердің табылатынына сенбейді.

«Жұлдыз болғысы келетіндер де, аяққа тұрып үлгерген әншілер де жетерлік. Олардың бәрі де тосыннан келген көмектен бас тартпасы анық. Дегенмен қаржысын шаша қоятын бақуаттылар бар дегенге сенбеймін», – деп атап өтті ол.

Продюсердің бұл сөзіне кәсіпкер Эрнест Вартиросян қарсы шықты.

«Талантты жанды бір көргеннен-ақ байқауға болады. Расымен ерекшелігімен көзге түсетін болса, мен ешқандай қайтарымсыз ондай әртісті демеп жіберуге дайынмын. Ол өзіне сендіре алса болғаны», – деп түсіндірді ол.

Жіберіп алмаңыз: 

Әлішер Кәрімов: Кафеде күніне 300 теңгеге ән айтатынмын

Есентаеваның жаңа фильмінде кезінде «Махаббат бекетінде» ойнаған актерлер бой көрсетеді

Ерке Есмаханның Оралдағы концерті өтпей қалды

Ерке Есмахан тыңдармандарын жаңа бейнебаянымен қуантты (видео)

Талқылау