Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Абдуллин Шүкеновтің ұлына 100 000 доллар аударады

Әнші Нұрлан Абдуллин Батырхан Шүкеновтің ұлына 100 000 доллар аударатын болды. Батырдың баласын өз баламдай көремін деген Абдуллин бұл қаражатты кішкентай Мақсұттың баспаналы болуы үшін беретін көрінеді.

deab246
Бұл туралы express-k.kz жариялады.

«Нұрлан достарымен бірігіп аталған қаражатты жинап болды», – деп мәлім етті Батырхан Шүкенов фондының басшысы Олжас Байқанов. – Батырханның ұлы Мақсұтқа жеке пәтер алып беру үшін, әлі де ақша жинап жатырмыз».

Естеріңізге салсақ, Мақсұт пен оның анасы қазір Майамидегі таныстарының үйінде тұрып жатыр. Таныстары оларға арнап бір бөлмесін босатып берген болатын. Олар жанашыр адамдардан баспана мәселесін шешу үшін көмек сұраған еді.

Талқылау