Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұркент қаласы қандай болмақ

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы аптада Талдықорғанға жұмыс сапары кезінде Алматы облысындағы жаңа Нұркент қаласын дамытудың бас жоспарымен танысты.

221235

Фото: Официальный сайт президента РК

Әзірге теміржолшылардың кенті болып табылатын Нұркент — бұл “Қорғас” шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын құру бойынша жобаның және “Қорғас – Шығыс қақпасы” арнайы экономикалық аумағының бір бөлігі. Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасынан хабарлағандай, 2015 жылғы ахуал бойынша халық саны екі мың адамды құрайды. 2022 жылға қарай бұл көрсеткішті 50 мың адамға, 2030 жылға қарай – 75 мыңға, 2035 жылға қарай – 100 мың адамға ұлғайту жоспарлануда.

 

2035 жылға қарай баспанамен қамтамасыз ету бір адамға 30 шаршы метрді құрайды, осы уақытқа қарай тұрғын үй қоры үш миллион шаршы метрді құрайды. Барлық жаңа тұрғын үй құрылыстары 5-7 қабатты тұрғын үйлермен беріледі.

221094

“Жоғары сәулет келбетін беру үшін негізгі қала құрылысы тораптарында 9-12 қабатты тұрғын үйлер орналастыру ұсынылуда”, —деп атап көрсетті басқармадан. Болашақта Нұркент барлық қажетті қызмет көрсету нысандарымен қамтамасыз етіледі деп сенеді шенеуніктер. 2035 жылға қарай мұнда 980 бала баратын 20 балабақша салу, үш мыңнан астам оқушыларға 16 жалпы білім беру мектептері пайда болады деп жоспарлануда. Бұл ретте Нұркентте 600 оқушыға арналған мектеп бар, оған барушылар санын 1,2 мыңға дейін ұлғайту жоспарлануда.

 Болашақ қала тұрғындарының денсаулығы да назардан тыс қалмайды, 2035 жылға дейін ауысымына 2,6 мың адам келетін емханалар салу, сондай-ақ 1,3 мыңнан астам төсегі стационарлар салу жоспарлануда. Нұркентте өзінің бизнес орталықтары, банктер, әкімшілік ғимараттар, қонақ үйлер пайда болады. Тұрғындар бос уақыттарын стадионда, мұз айдынында, театрда, мұражайларда, көрме залдарында өткізе алады. Шығыс базары, сауда кешені және ұлттық ас үй мейрамханаларының желісі олардың қызметтеріне беріледі. Басқармадан атап айтқандай, жобаланған қала Қазақстанның аумағы арқылы – Қорғастан Ақтөбе облысына дейін өтетін Ұлы Жібек жолының бөлігінде орналасқан.
 
 
Талқылау