Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Нұр Отанның” мәжілістегі депутаттары анықталды

“Нұр Отан” партиясы парламент мәжілісі депутаттығына партиялық тізім бойынша өткендердің тізімін жариялады. Партия 20 наурызда өткен мәжіліске ерте сайлауда ресми нәтиже бойынша 82,20 пайыз дауыс жинап, мәжілістегі саяси партияларға тиесілі 98 депутаттық орынның 84-іне ие болған.

НұрОтан

БҰл туралы Азаттық  радиосы хабарлайды.

Ақорданың ресми сайтының хабарлауынша, тізім бүгін “Нұр Отан” партиясының саяси кеңесінің жиынында анықталған. Жиынға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан. Алтыншы шақырылымдағы парламент мәжілісіне “Нұр Отан” партиясынан депутат болғандардың біразы – алдыңғы, бесінші шақырылымдағы парламент депутаты болғандар.
Партиялық тізімде бірер спортшы мен мәдениет саласының өкілдері бар.

Партиялық тізімге саясаткерлер Нұртай Сабильянов, Мәулен Әшімбаев, Гүлжан Қарағұсова, Қуаныш Сұлтанов, Болат Жылқышиев, Бақтықожа Ізмұхамбетов, Зағипа Балиева, Бекболат Тілеухан енген.

Тізімге кіргендер арасында журналист Артур Платонов, “Бауыржан” қайырымдылық қорының жетекшісі Жұлдыз Омарбекова да бар.

Талқылау