Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Нұр Отан” мүшелері інілері мен жалғыз ұлынан қатар айырылған кейуананың несиесін жауып берді

Алматыда «Нұр Отан» партиясының мүшелері зейнеткердің несиесін жабуға көмектесті. Егде жастағы әйел отбасының үш мүшесінен бірдей айырылғаннан кейін қиын жағдайда қалған.

"Нұр Отан" мүшелері інілері мен жалғыз ұлынан қатар айырылған кейуананың несиесін жауып берді

Бұл туралы «Астана» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Әйелдің екі інісі мен ұлы араларына бірнеше ай салып қайтыс болған. Олардың өліміне жүрегіне байланысты қиындықтар себеп болыпты. Қайния Байбатырова жақындарын жерлеу үшін ақша таба алмаған. Сондықтан несие алуға мәжбүр болғанын айтады.

Алайда кейуананың зейнетақысы банктегі қарызын жабуға әрең жетеді. Төлемді дұрыс жүргізе алмағандықтан, бірнеше айдың ішінде қарызының мөлшері ұлғайып кеткен. Артынша ол партияның аудандық филиалына көмек сұрап барыпты.

«Екі інім мен жалғыз ұлым бірінен кейін бірі қайтыс болды. Банктен несие алдым. Алайда төлей алмағаннан кейін зейнетақы картамды бұғаттап тастады. Ақшасыз қалдым. Осы мәселемен «Нұр Отан» партиясына бардым. Олар менің қиындығым туарлы білгеннен кейін қажетті соманы жинап берді. Сіздерге көп рахмет!» – дейді Қания Байбатырова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау