Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нумеролог Сәбиттің үнемі өзінің сәттілігін тартып алатын әйелдерді таңдайтынын айтты

Отандық шоу-бизнес өкілдері Сәбит Әбдіхалықов, Алтынай Жорабаева мен Айгүл Иманбаева қашан да ел назарында. Оған бір себеп – «жұлдызды үштіктің» тоғысқан тағдырлары.

NI0NchV_r9o

Актер Сәбит Әбдіхалықовтың алғашқы жұбайы, актриса Айгүл Иманбаевадан Асылжан есімді бір ұлы, ал әнші Алтынай Жорабаевадан төрт қызы бар. Соңғы жылдары Алтынай мен Айгүл татуласып, ел алдына бірге шыға бастады. Тіпті, бірігіп концерт те берген еді. Олардың бұл қылығын халық құптады.

Аййй

Жақында жұрт Айгүл Иманбаеваны ұлының оқуға түскенімен құттықтап жатты. Бұл орайда Сәбиттің екінші жұбайы да үнсіз қалған жоқ. Асылжанның үлкен өмірге қадам басуына шынайы тілектестігін білдірді.

«Асека, Алла жолыңды оңғарсын! Анаңның ақ үмітін ақтап, арлы, намысты, білімді, атпал азамат болғайсың! Сенің өскеніңе аналық жүрегіммен тілектеспін жаным!» – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Сол сияқты Иманбаева да Жорабаеваның қызы Семанұр алғаш мектеп табалдырығын аттаған кезде құттықтау сөздерін арнаған еді.

Ал Сәбит пен Алтынайды ажырасты деп шуылдаған жұрт қос ананың шынайы тілектеріне разы болып, «Сәбит бір емес, екі бірдей басына қонған бақ құсын бағалай алмады» деп сөкті.

Айта кетейік, қос жұптың ажырасқан-ажыраспағаны нақты белгісіз. Екеуі де ел арасында тараған бұл қауесетке қатысты ләм-мим демеді.

Күні кеше 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасы кезекті шығарылымын «жұлдызды үштікке» арнады. Арнайы Ресейден келген нумеролог Клара Күзденбаева олардың туған күндері мен жылдарын негізге ала отырып, мінездерінің қаншалықты сәйкес келетінін анықтады. Маман халықтың пікіріне мүлдем қайшы пікір білдірді. Оның сөзінше, Сәбиттің бағы бар, тек ол үнемі өзінің сәттілігін тартып алатын әйелдерді тайдайды екен. “Сәбит тұрмыста мінезі ауыр, оған шыдау мүмкін емес, себебі шыдамсыз, ақылын эмоцияға жеңдіреді”, – дейтін нумеролог есесіне оның адал жан екендігін айтты. Сондай-ақ, маман Әбдіхалықовтың қайсарлығын, ерекше дарындылығы мен ақылдылығын атап өтті.

Күзденбаеваның пайымынша, Әбдіхалықовтың мінезіне туған күнінде 4 саны кездесетін әйел сәйкес келеді екен. Алайда дәл осы сан Жорабаева дүние есігін ашқан күнде мүлдем жоқ болып шықты.

Нумерологтың пікірінше, отбасын сақтап қалуы үшін Алтынайдың біраз тыраштануы керек. Яғни, эмоциясы басым әрі мінезі ауыр болса да, Алтынайдың Канделакиға ұқсап, әлсіз әйелдің кейпін танытқаны абзал.

Жіберіп алмаңыз: 

Алтынай Жорабаева шаш түсуін тоқтатудың тәсілін бөлісті

Араб тілін үйренуге шақырған Алтынайды тыңдармандары сынап тастады

Алтынай Жорабаева енесімен неге бірге тұрғысы келмейтінін айтты

Құрбыларымен көшеде билеген Алтынайды тыңдармандары сынап тастады (видео)

Талқылау