Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Новгородта қонақүй қызметшісі келушінің ұмыт қалдырған миллион рублін тауып алған

Новгородта қонақүйлердің бірінде қызметші келген қонақтардың бірі матрас астында ұмыт қалдырған миллион рублін тауып алған.

canstockphoto19040971

Бұл туралы Интерфакс хабарлайды.

Қонақүй әкімшілігі хабарлағандай, қызметші босаған бөлмелерді жинап жүріп, кереуеттен пакет тауып алады. Онда АҚШ доллары, еуро, рубльмен ірі сомада ақша болған.  Ресей валютасымен есептегенде 1 млн рубльді құраған.

Қонақүй әкімшілігі клиентпен жедел хабарласып, ол Новгородқа қайта келіп ақша салынған пакетін алып кеткен.

Талқылау