Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нотр-Дам ғимаратында ұя салған аралар өрттен аман қалған

Париждегі Құдай ана шіркеуіндегі өрт кезінде ғимараттағы араның ұясы зардап шекпеген. Бұл туралы шіркеудегі ұяларға күтім жасап жүрген омарташы Николя Жеан айтты.

Нотр-Дам ғимаратында ұя салған аралар өрт кезінде аман қалған

Өз сөзінде Жеан бірнеше күн бойы өзін біртүрлі сезінгенін айтады. Себебі көптеген адам хабарлама жазып, аралардың жағдайы туралы сұраған. Алайда, оларға не деп жауап берерімді білмедім, дейді ол, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі LCI арнасына сілтеме жасап.

«Аралар тірі. Спутниктен түсірілген суреттерден олардың өртеніп кетпегенін көрдім. Шіркеудің өкілі де аралардың ұяға кіріп-шығып жүргенін айтты», - дейді Николя Жеан.

Шіркеуде араның ұясы 2013 жылы пайда болыпты. Олар 6 жылда 25 келіге жуық бал жасаған. 

Николяның сөзінше, аралардың өкпесі жоқ. Сондықтан түтін шыққан кезде ұйықтап қалады екен. Сонымен қатар ол аралардың түтінді сезген кезде балға тойып алып, патшайымдарын қорғайтынын айтты. Омарташы келесі аптада араларға барып-қайтпақ.

Талқылау