Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ностальгия: Ділназ Ахмадиева Мұрат Насыровтың әйгілі әніне клип түсірді (видео)

Ділназ Ахмадиева тыңдарманын ностальгияға бөледі. Әнші Мұрат Насыровтың әйгілі хитін жаңаша стильде ұсынып, клип түсірді. Көпшілік жатқа білетін “Я это ты” әні “Келинка тоже человек 2” фильмінің саундтрегі болып бекітілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Дильназ Ахмадиева

Балалық шағы Кеңестік кезеңде өткен тыңдармандар Ділназға алғыстарын жаудыруда.

“Денем тітіркеніп кетті. Әнді тыңдап отырып, жылап жібердім. Мұрат Насыров еске түсті, жаны жәннатта болсын. Ділназ, рақмет сізге, даусыңыз керемет, фильм де күшті, мерекенің жақындап келе жатқанын енді сезіндім”, – деп ризашылығын білдірді Әсел Мерей есімді тыңдарман.

“Маған өте қатты ұнады. Ертегі сияқты атмосфера. Ділназ, жарайсың. Ескі ән болса да жаныма жақын әрі жүректерді жылытады”, – дейді – Замзагүл Қуан.

Айта кетейік, “Келинка тоже человек 2” фильмін режиссер Асқар Ұзабаев пен продюсер Әсел Сәдуақасова бірігіп түсірген. Картинада басты рөлді де Әселдің өзі сомдайды.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау