Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ностальгия: Баян Алагөзова бала кездегі қызықты естелігімен бөлісті

Ата-анасының алтын тойы қарсаңында Баян Алагөзова ностальгия сезімінде жүр. Танымал продюсер желіде балалық және жастық шағындағы суреттері мен естеліктерімен бөлісуде, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Ностальгия: Баян Алагөзова бала кездегі қызықты естелігімен бөлісті

Баян Мақсатқызы бұл жолы отбасылық серуен кезінде түскен суретімен бөлісті. Бір қызығы, арада 40 жылға жуық уақыт өтсе де, Мақсатқызы сол күні болған оқиғаларды ұмытпаған.

“Балалық шағым да, Горький саябағында өткен осы күн де есімде жақсы сақталған. Платформа киген сәнді анам, стильді әкем, Бәтес, Баголя, балмұздақ, әткеншектер, және барқыт пен шілтеріден жасалған менің қызыл көйлегім, қара лакталған сандалдар. Әжем Сочиден әкеп берген киімдер. Бәтес – үлкеніміз, қашан да байсалды, ал Баголя – жұмсақ бәліш сияқты”, – деп бөлісті ол.

Ностальгия: Баян Алагөзова бала кездегі қызықты естелігімен бөлісті

Мұны көрген желі қолданушылары Алагөзованың бала күнінен сәнді киімдерге әуес болғанын, өте сүйкімді қыз болғанын жазуда.

Айтпақшы, осы күні Баян Мақсатқызы тағы бір естелігімен бөлісті. Ол кіші қызы Айарудың сәби кезін көрсетті.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау