Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Нөсер жауын жауады: Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады

Алдағы демалыс күндері Қазақстанда жаңбырлы болады. Синоптиктер 18-20 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап. 

Көпжылдық климаттық мәліметтер бойынша, 17-20 мамыр аралығында Қазақстанға Солтүстік Оралдан суық және ылғал ауа массаларының келуі жиі байқалады. Алдағы демалыс күндері Оралдан келетін суық атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің көптеген аймақтарында жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді деп күтіледі. 

Сенбі күні оңтүстіктің, жексенбі күні оңтүстік-шығыстың, дүйсенбі күні солтүстік және орталықтың кей жерлерінде нөсер жауын жаууы ықтимал. 

Республиканың батысына Ресейдің Еуропалық бөлігінен біртіндеп антициклон жылжиды, сондықтан мұнда жауын-шашынның тоқтап, солтүстік тропосфералық ағындармен ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр