Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Норвегиялық ғалымдар аттармен тілдесудің жолын тапты

Адам аттармен белгілі бір белгілер жүйесі арқылы сөйлесе алады. Норвегия университетінің мамандары дәл осындай болжам жасады.

image

Олар 23 аттың қатысуымен эксперимент жасаған. Мамандар жылқыларға мұздаған кезде бастарын шайқауды үйреткен. Ал ыстықтаған кезде керісінше бастарын изеген. Ешнәрсе қажет болмаған кезде бос керегеге қарайтын болған. Барлық ат бұл трюкті небәрі екі апта ішінде үйренген.

Жаттығуды ойдағыдай жасаған жануарларға тәтті тағамдар берілетін болған.  Осыған дейін иттердің де адам тілін түсінетіндігі анықталған болатын. Мұны Будапешт университетінде ұстаздық етіп жүрген венгерлік ғалымдар анықтаған. Экспериментке 10 шақты ит қатысқан екен.

Америка ғалымдары адамның денсаулығына оң нәтижесін тигізетін үй жануарларының тізімін жасаған. Мысалы, мысықтар асқазан жұмысын жақсартып, адамды күйзелістен арылтады екен. Иттер өз иесін көбірек қозғалуға мәжбүрлейді. Күнделікті таза ауада жүру арқылы жүрек-қан тамырлар жүйесі жақсарады.

Аттар жараланған адамдардың жылдам қалыпқа келуін қамтамасыз етеді. Соңғы уақытта терапевт мамандар аутизммен ауыратын балаларды емдеуге аттарды пайдаланып жүр.


Жіберіп алмаңыз:

Әлеуметтік желідегі жылқылар туралы жұмбақ қолданушыларды тығырыққа тіреді (фото)

Шымкентте су қоймада батып өлген жылқыларды иелері үйлеріне алып кеткен

Жылқы етін жеу харам ба?

Сіз суретте қанша жылқы бейнеленгенін таба аласыз ба?

Талқылау