Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Норвегияда 2 көрерменге арналған әлемдегі ең шағын кинотеатр ашылды

Норвегиялық Тромс қаласында әлемдегі ең кішкентай кинотеатр пайда болды. Оның залы екі адамға арналған. Ол бұрынғы газет дүңгіршегінің орнына салынған.

Тромсё5

Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.

Ол Норвегияның  XXVI халықаралық кинофестивалінің басталуына орай салынды. Апта ішінде кинотеатрда күніне бір лента көруге болады. Екі адамға билет құны норвегиялық 500 кронды құрайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, техникалық сипаттамасы қалыптыдан еш кем емес. Киноны тәжірибелі киномеханик көрсетеді.

Кинофестиваль Норвегияда 1991 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Ол елдегі ірі, Еуропадағы беделді шаралардың бірі. Оның аудиториясы 60 мың адамды қамтиды. 2016 жылғы бағдарламада Еуропа, Америка, Азия, Ресей режиссерлерінің 100-ден астам картиналары ұсынылады.

Талқылау