Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Nokia» компаниясының басшысы Назарбаевтың дүние жүзіне өте танымал адам екенін айтты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Финляндияға іссапар барысында Хельсинки қаласында болып, «Nokia» компаниясының басшысы Ристо Сииласмаамен кездесті.

«Nokia» компаниясының басшысы Назарбаев туралы: Сіз дүние жүзіне өте танымалсыз

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Елбасы кездесу барысында «Nokia» брендінің телекоммуникация саласындағы жетістіктері арқылы дүние жүзіне белгілі екенін және аталған компанияның Қазақстанда сенімді серіктес ретінде танылғанын атап өтті.

«Nokia» компаниясы 2007 жылдан бастап біздің елмен ынтымақтастық орнатып келеді. Бүгінде компанияның тауар айналымы 20 миллиард АҚШ долларына жетті» , – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар президент «Nokia» компаниясының басшысына Қазақстанның өндіріс үдерісіне автоматтандыру, роботтандыру және жасанды интеллект әдістерін енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттыру міндетін қойып отырғанын айтты. Сондай-ақ,  «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне айрықша тоқталып өтті.

Өз кезегінде Ристо Сииласмаа аталған кездесу үшін Назарбаевқа алғыс білдіріп, қазақстандық компаниялармен ынтымақтастық орнатуға үлкен қызғушылық білдірді.

«Сіз дүние жүзіне өте танымалсыз әрі мемлекеттер басшыларының арасында технологиялық дамудың маңыздылығын түсінесіз. Сіздің цифрлық технологияларға зор мән беретініңізді білемін», – дейді Ристо Сииласмаа.

Кездесу соңында елбасы мен «Nokia» компаниясының басшысы байланыстың жаңа технологиялары мәселесін талқылады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау