Нокаутқа түскен боксшы 5 күннен кейін қайтыс болды

Италиялық боксшы Кристиан Дагио соңғы жекпе-жегінен бірнеше күн өткеннен кейін қайтыс болды.

Нокаутқа түскен боксшы 5 күннен кейін қайтыс болды

Бұл туралы РИА Новости басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

49 жастағы Дагио 26 қазанда Рангсит қаласында (Таиланд) соңғы жекпе-жегінде тайлық Дон Паруангпен жұдырықтасты. 12-раундта қарсыласы оның басына бірнеше рет қатты соққы берді. Салдарынан италиялық боксшы шаршы алаңда есінен танып құлап қалды. Артынша ол комаға түскен еді.

Өкінішке орай, боксшы ауруханада қайтыс болды.

Дагио тайлық Паруангпен жекпе-жекке дейін кәсіби рингте 10 жекпе-жек өткізіп, онында да жеңіске жеткен. Сонымен қатар ол аралас жекпе-жек және муай-тай бойынша жекпе-жектерге де қатысқан.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар