Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ноғай әншісі Қайрат Нұртастың хит әніне бейнебаян түсіріп алған (видео)

Қайрат Нұртастың төлқұжатына айналған “Арман” әнін ноғай әншісі иемденіп алған. Ол тіпті аталған туындыға бейнебаян түсіріп, әуеніне өзгеріс енгізген.

1

Фото: instagram.com/kair_n/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қайрат Нұртас 19 жасында “Арман” атты әнінің арқасында танылған болатын. Аталған әннің мәтіні мен әуенін Бауыржан Есебаев жазған.

Араға 9 жыл салып, “Арман” әнін ноғай әншісі Жанболат Қаратаев орындайды. Орандап қана қоймай, аталған туындыға бейнебаян түсіреді.

Мәтіні мен әуенін сол күйінде қалдырып, тақырыбын “Жаным” деп берген екен. Мұнымен қатар, кіріспесін домбырамен орындауды жөн көрген.

“Қайраттың орындауындағы “Арман” әніне Жанболат Қаратаев есімді жігіт құда түсіп, атауын “Жаным” деп өзгертіп, бейнебаян да түсіріп үлгеріпті. Тамашалаңыздар!” – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Әншінің анасы бұл бейнебаянды бүгін ғана көрсе де, Youtube видеолар желісіне 2015 жылдың қаңтар айында жүктелген екен. Әзірге Қайрат Нұртастың авторлық құқық мәселесіне байланысты сотқа жүгініп-жүгінбейтіні белгісіз.


Жіберіп алмаңыз:

Беларусь ақыны Қайрат Нұртасқа орысша ән айтуды ұсынды

Қайрат Нұртас пен Мәдина Сәдуақасова ауылдан шаштараз “ашты”

Каспийде демалған Қайрат Нұртас қайық басқарып көрді (видео)

Қайрат Нұртастың анасы бетіне пластикалық ота жасатқан ба

Талқылау