Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нобель сыйлығының лауреаты обырды жеңуге не кедергі екенін айтты

Физиология және медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Джеймс Уотсон адамзат талай ғасырды артқа тастап, барлық салада дамуға қол жеткізсе де ғалымдардың осы уақытқа дейін обыр дертін жеңе алмай келе жатқанының себебіне үңіліпті.

Y0OUdw9B2FE4AnXy-lg

Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлайды.

Әлемге әйгілі ғалымның айтуынша, обыр – тез мутацияланатын дерт. Яғни, обыр жасушасы емдеу тәсіліне төтеп бере алатын қасиетке ие болады.

“Міне, осы бізге обырды жеңуге кедергі келтіреді: ісік шалған жасуша мутацияланады да емдеу тәсіліне төтеп беретін қасиетке ие болып шығады. Антибиотик дәрменсіздік танытатын супербактериялар турасында да осыны айтуға болады”,- деп мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Джеймс Уотсон Нобель сыйлығын 1962 жылы ДНК спиралын ашқаны үшін алған болатын.

Оқи отырыңыз:

Қарағандыда дәрігерлердің екпесінен соң жаңа туған сәбидің жағдайы нашарлап кетті

ШҚО-да дауылдан шатыр астында қалған 82 жастағы қария көз жұмды

Жол апатына ұшыраған қазақстандық футболшыға шұғыл түрде қан керек

12 жастағы Жәнелге бүйрегін берген ер адам өзін алдап кеткенін мәлімдеді

Талқылау