Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ninety one” жігіттері өздеріне қандай қыздар ұнайтынын айтты (видео)

Күні кеше өнерде жүрген ағаларының сынына ұшыраған “Ninety one” тобының солистері өздеріне қандай қыздар ұнайтынын айтты.

image

Фото: instagram.com/91ninetyone.kz/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Ninety one” тобы 2014 жылы  құрылған. Топтың бас продюсері – Orda тобының мүшесі Ерболат Беделхан. Топта 5 адам.  Олар – Зенкаев Азамат Байболатұлы (A.Z.),  Мәлік Батырхан Абайұлы (ALEM), Ашмақын Азамат Қайратұлы (ACE), Мұхаметқали Дулат Болатұлы (ZaQ),  Құлымша Данияр Ақылбайұлы (BALA).

Жігіттер отандық арналарға берген сұхбаттарының бірінде өздеріне қандай қыздар ұнайтынын айтып берді.

“Әрбір адам ғашық болмас бұрын сүйіктісін сырт келбетіне қарап таңдайды. Яғни жігіттер әдемі қыздарға көбірек мән береді. Ал Қазақстанда әдемі қыз жоқ сияқты”, – дейді A.Z.

Ал ALEM керісінше туған жерінде сұлу қыздардың көп екенін айтып, талғамына сай арулардың жақсы қасиеттерін жіпке тізді.

“Маған барлығынан ерекшеленіп тұратын қыздар ұнайды. Ойлау қабілеті басқаша келетін. Аспанда қалықтап жүретін ғарыш қыздар болады ғой. Міне дәл сондай қыздар ұнайды”, – дейді ALEM.

Мұнымен қатар, жігіттер Мұқағали Мақатаевтың суретіне үңіліп қарамаса да, оның өлеңдерін сүйіп оқитынын айтып өтті.


Оқи отырыңыз:

Бекболат Тілеуханов “Ninety one” тобына қатысты пікірін білдірді

Мейрамбек Беспаев “Ninety One” туралы әзіл айтып, әріптесін күлдірді

“Ninety one” тобын сынаған Төреғалидің өзі ұлтшыл деп айыпталды

“Ninety one” тобының продюсері мен Зайытов бетпе-бет кездесті

Талқылау