“Ninety one” тобының жанкүйерлері заңсыздыққа қарсы петиция жариялап қол жинауда

Бейсенбі, 10 Қараша , 2016 15:06

Бір топ жас буын өкілдері барша Қазақстан жұртшылығына үндеу жолдады. Олар атышулы “Ninety one” тобын қолдау мақсатында петиция жариялады. Соңғы уақыттары 91 тобының концерті қатарынан бірнеше қалада өтпей қалды. Осы орайда жанкүйерлері аталмыш топтың өнерін бағалайтын барша қазақстандықтарды оларды қолдауға шақырды.

Ninety-One-163987411

«Құрметті ҚР тұрғындары мен “Ninety one” немесе 91 тобының өнеріне немқұрайлы қарамайтын барша жастар! Сіздерге өтініш жолдап отырған аталмыш топтың жанкүйерлері. Соңғы бірнеше айдан бері белгісіз адамдар тобы аталмыш топқа қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде: топқа тіл тигізіп видео түсіріп, әлеуметтік желілерде шу шығарып, топ жігіттерінің өміріне қастандық жасаймыз деп сес көрсетуде. Бұлардың артында кімнің тұрғаны белгісіз. Алайда сол әрекеттердің нәтижесінде 30 қыркүйек пен 21 қазан аралығында аталмыш топтың концерттері Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда қалаларында өтпей қалды. Аты аталған қалалардағы концерттік залдар биліктің атын жамылып немесе басқа да сылтаулар ойлап тауып, соңғы сәтте ұйымдастырушыларға концерттің өтпейтінін хабарлаған. Есесіне әкімдіктегілер бұл іске қатысы жоқ екендерін айтты. Түсініксіз жағдай. Әр қалада он шақты адамнан құралған топ бүкіл жастардың атынан сөйлеп, БАҚ құралдарын шулатып, “Ninety one” тобының концерт өткізуіне қарсы шығуда. Сырт көзге оларды жас деп айтпас едік. Олар аталмыш топты мүлдем танымайтындай және жалпы не болып жатқанынан хабарсыздай кейіп танытады. Желіде топқа наразы 300 адамның қолын жинаған хат тарап кеткен. Бұл құжаттың бар екеніне және растығына күмәнмен қараймыз. Білімді әрі заңға бағынатын кез келген азамат мұны ақылға қонымсыз деп табады. Жергілікті атқарушы органдардың үндемеуінің салдарынан заңсыздық белең алуда. Яғни, заңсыздықты біз бірінші кезекте ҚР Конституциясымен қорғалатын адам құқығының тапталуы (12, 14, 20, 34 баптар) деп түсінеміз. Одан бөлек, кәсіпкерлік кодексіне де (177 бабына) қайшы келетін әрекеттер жасалды», – делінген петиция мәтінінде.

Одан кейін жанкүйерлер “Ninety one” тобы туралы өздері білетін мәліметтерді ұсынды. Топтың небәрі бір жылдың ішінде жеткен жетістіктерін тізіп берген жастар топ мүшелірінің үлгілі азаматтар екенін, “Ninety one” тобының үнемі қайырымдылық шараларына қатысып тұратынын мәлімдеді.

«91 тобы жастарды теріс бағытта тәрбиелеп жатыр дейтін адамдар қателеседі. Мүлдем олай емес. Өз сұхбаттарында аталмыш топ өздері Eaglez (ағылш. тілінен аударғанда «қырандар») деп атайтын жанкүйерлерін жақсылыққа баулиды. Олардың ең жиі қолданатын сөздері: «Бақытты болыңыздар» және «мақсатыңды арманыңа айналдыр. Иглздар өз қалаларында «Мейрімділік айын» өткізді. Олардың концертіне немесе фан-митингіне бір рет те болсын қатысып көрген адамдар топ мүшелерінің жанкүйерлеріне деген ыстық ықыласын біледі. Олар өз жанкүйерлеріне жылы сөз айтып, жақсы қарым-қатынаста болудан арланбайды, үнемі: «сабақтарыңды жақсы оқыңдар, сессияларыңды тапсырыңдар, жылы киініп, концерттен кейін бірден далаға шықпаңдар», – деп айтып отырады. Қандай сүйкімді. Олардың тәрбиелілігі, үлкенге деген құрметі мен сыпайлығын, тіпті, олардан сұхбат алған журналистер, концерт ұйымдастырушылары мен түрлі қызмет көрсету орындарының қызметкерлері айтып жүреді», – делінген хатта.

Сондай-ақ, авторлар жігіттерді «қызтеке» не «көгілдір» санайтын жандарға жауап айтты. Аталмыш ақпараттың жалған екенін дәлелдеуге тырысты. Топ мүшелері туралы түрлі әңгімелерге еріп кетпей, әр адамға олардың шығармашылығы мен өмірімен жекелей танысуға ұсыныс жасады.

«Бұл мәселеге мән бермей, өз бетімен жіберер болсақ, іс насырға шабуы мүмкін. Концерттің өткізілуіне қарсы шыққан адамдар мақсаттарына жеткеннен кейін ертеңгі күні басқа нәрселер талап етуі мүмкін. Елімізді кері тартып, цензураға, репрессияға, радикалдық діни ағымдардың кеңінен етек жаюына ықпал етуі де ғажап емес», – деп түйіндеді сөзін петиция авторлары.

Жіберіп алмаңыз:

Ләйлә Сұлтанқызы жас жігітпен жүретін 46 жастағы әйелді эфирден қуып шықты

Ақбота Керімбекова: Эстрадамызда өзін-өзі сататын әншілер көп

Мұхаммедәлі Жүгінісов “Битва талантов” байқауында гран-при жүлдесін жеңіп алды (видео)

Павлодарда Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырушылар жазаға тартылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
28 күні 27 минут кері

Ех,әркімде өз түсінігі:( Кім қалай ойласа да Бақытты болыңыздар!

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар