Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ninety one” тобының жігіттері өздерін қызға теңейтіндерге жауап берді

Зайытовтың қатаң сынына ұшыраған “Ninety one” тобы мұндай сөздерге аса мән бермейтінін айтты. Алайда өздерін қыздарға теңейтіндерді ұнатпайтын көрінеді.

16-2

Бұл пікірлерімен “Ревю” бағдарламасында бөлісті.

Күні кеше өнерде жүрген ағаларының сынына ұшыраған “Ninety one” тобы “Орда” тобынан ән сұрап алып, оны өңдеп жатыр. Қандай сынға болсын төтеп бере алатындықтарын жеткізген топ мүшелері бір нәрсеге ғана төзе алмайтынын айтты. Бұл – тыңдармандардың немесе өнердегі ағаларының өздерін қызға ұқсатуы екен.

1-39

“Бәрінен бұрын бұл қыз ба әлде жігіт пе деген сыни сөздер ашуымызды келтіреді. Достар, қыз қайда, жігіт қайда?!” – деп реніштерін жеткізді.

Көп адам қазақ эстрадасына енді ғана аяқ басқан топтың қатаң сындарға қалай төзіп жатқанын білмей дал болуда. Өйткені осыған дейін көптің сөзіне назар аудармайтын Мақпал Исабекова инстаграмдағы парақшасын сыни пікірлерге қатысты өшірген болатын.

Top

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін “Ninety one” тобының продюсері мен Зайытов бетпе-бет кездескені туралы жазған болатынбыз.

Талқылау