Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ninety one” тобы халық әнін орындап айды аспанға бір-ақ шығарды (видео)

Атышулы “Ninety one” тобы гастролдік сапар барысында концерттен бөлек, әр қалада фан-митинг, яғни тыңдармандарымен кездесу өткізеді. Жуырда топ қарағандылық жанкүйерлерімен жүздесті, деп хабарлайды Stan.kz.

ninety_3

Кеш барысында Q-pop жанрында ән салатын атышулы топ мүшесі Ace халық әні «Бір баланы» орындап, айды аспанға бір-ақ шығарды. Тыңдармандары “Ninety one” тобынан мұндайды күтпесе керек-ті, топ солисі әнді бастай салысымен-ақ қошемет көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік,  бұған дейін атышулы топтың бірнеше қалаларда (Ақтөбе, Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда) концерті өтпей қалған еді. Өздерін жастар өкілдеріміз деп таныстырған тұрғындар аталмыш топтың имиджінің қазақ сахнасына сай келмейтінін, жастарды теріс бағытта тәрбиелейтінін айтып шағымданған-ды. Ал сүйікті әншілерімен кездесе алмай қалған топ жанкүйерлері петиция жариялап, қол жинауға кірісті. Ал қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы Сәкен Майғазиев 91 тобы туралы 9 жағымды пікір білдірді.

Жіберіп алмаңыз:

“Ninety one” әншісі: Сіздердің сөздеріңізге қарсы шыққымыз келмейді (видео)

Үш қабатты зәулім үй: Бүркіт пен Айша қалай тұрып жатыр? (фото)

Асхат Садырбай Ерке Есмаханға жауап берді: Әркімнің өз ақиқаты бар

Жанболаттың Жазирасы бойдақ тыңдармандарын табыстырудың жолын тапты

Талқылау