Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ninety one” тобы фанаттарымен бірге тауға шықты

«Ninety one» тобы үшін өткен демалыс қызықты болды. Кью-поперлер, өздерінің жанкүйерлерімен тауға шығып, иглзға табиғат аясында шеберлік сабағын өткізіп қайтты.

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

Аспанмен таласқан таулар, табиғат аясы, саф ауа. «Найнти уандық» мемберлер дәл осындай әдеттен тыс ортада «Juz academу» студенттерімен жүздесті.

«Бұл идея негізі өзімнің идеям болған. Бірақ жазда шығамыз деп ойлағанбыз, күн жылыда. «Найнти уанның» уақыты болған жоқ жаз бойы, сондықтан енді шығып жатырмыз кемпингке», – дейді Ерболат Беделханның жары Асыл Беделхан.

Табиғат құшағында жанкүйерлерімен бас қосқан мемберлер, бір сәтке шығармашылықты ысырып, иглзбен ортақ ойынға кірісті.

«Этюд дайындап жатырмыз. Бізге сондай тапсырма берілді, тез қырық минуттың ішінде, этюд қойып, оның ішіне өлең қосып, және де ортақ идеологияны жеткізе алатындай өзіміздің актерлік шеберлігімізді көрсетуіміз керек», – дейді Ninety One тобының мембері Bala.

«Көңіл-күй жақсы! Ауа-райы керемет және таза ауа. Және мықты творчествалық процес болып жатыр! Неше түрлі өнерлі, неше түрлі әуен би аралас», – дейді Ninety One-дық АСЕ.

Жұлдыздар мен жанкүйерлер жүздесуінде кью-поперлердің ағалық кеңесі де айтылды.

«Біз өзіміз кезінде кішкене осыған ұқсас бағытты бастаған болатынбыз. Бірақ бізге келіп, өздерінің ойымен бөлісетін адам аз болған. Менің ойымша бұл өте керемет нәрсе, себебі адамдар бір бірімен коннекте болуы керек, әрдайым осылай, шығармашылық бағытта бір бірімен араласып тұру керек деп ойлаймын», – дейді топ мүшесі ZaQ.

Табиғатта тынықан «Найнти уандықтар» иглзға келесі кездесу де осындай форматта өтеді деп сөз берді.

Жіберіп алмаңыз:

Дастан Оразбеков босану кезінде әйеліне серіктес болатынын айтты

Қайрат Нұртас: Жұлдызды көрсеткен соң, елдің бәрі әйелдерін көрсете бастады (фото)

“Есесіне ол миллионер”: Қазақстандықтар Тұрсын Алагөзовтің «сауатсыздығын» байқап қойды

Дана Нұржігіт: Қыз балаға «оқы» деп емес, «сен әдемісің» деп көбірек айту керек

Талқылау