Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ninety one” тобы: Біз қызтеке емеспіз, біз қыздарды жақсы көреміз

Қоғамда дау тудырған атышулы «Ninety one» тобы өздерін қызтеке санайтын жандарға жауап берді. Топ жігіттері қызтеке емес екендерін, кәдімгі жігіттер сияқты қыздарды ұнататындарын мәлімдеді.

Screenshot_3

«Біз қызтекелікті ешқандай жағынан да жарнамалап жүрген жоқпыз. Негізінен қызтекелік деген ол не? Бірінші, әр адам өзі үшін сол сұраққа толық жауап беруі керек сияқты. Қызтекелік – ол мүлдем бөлек, ал біздің істеп жүргеніміз мүлдем бөлек әлем. Сол себепті екеуі қиылыспайды. Шатастыруға болмайды деп ойлаймын. Біз де кәдімгі ауылда өскен жігіттерміз», – деді топ мүшелері 31 арнаның “Неге?” бағдарламасына берген сұхбатында.

Ал боялған шаш пен құлаққа тағылған сырғаны жігіттер сахналық образ деп түсіндірді.

«Мәселен, менің құлағымдағы сырға 3 мың теңге тұрады. Ол еркектің сырғасы, оны қыздар тақпайды, вальфрам деген металлдан жасалған», – деді топ мүшесі.

Айтпақшы, “Ninety one” тобы сән салондарына баратындарын мойындады. Алайда маникюр-педикюр жасату үшін емес, шаш алдырту және бояту үшін.

Жіберіп алмаңыз: 

Баян Мақсатқызы мен Аша Матай талғамсыз киімдерімен таңқалдырды (фото)

Мейрамбек Беспаев: Мархаббаттың шәйі тәтті еді, қазір келінімнің шәйі бал болып жатыр (видео)

Анджелина Джоли араб миллиардерімен көңіл жарастырып жүр

Айнұр Тұрсынбаеваның қызы кінәсін мойындады

Талқылау