Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ninety one” продюсерлерінің туған күніне ерекше тосынсый жасады (фото, видео)

“Ninety one” тобы мен өзге әншілер продюсерлері Ерболат Беделханның туған күніне арнап ерекше тосынсый жасады.

image

Фото: instagram.com/91ninetyone.kz/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше күннен бері “Ninety one” тобына қатысты жанжал қайта жандана түсті. Ел ағалары аталған топтың сырт киіміне байланысты түрлі жағымсыз пікір білдірді. Мұнымен қатар, Алтынбек Қоразбаев сынды оларды жақтап сөйлегендер де болды. Десе де, жігіттердің өзі мұндай пікірлерге назар аудармаған сыңайлы. Олар керісінше әр қалада концерттер ұйымдастырып, өнер көрсетіп жүр. Жуырда олар продюсерлерін ерекше тосынсый жасап қуантты.

14334658_1858427194378597_6721073096058470400_n

Беделханның отбасына тиесілі продюсерлік орталықтың өнерпаздары  мен “Ninety one “ тобының жігіттері әнші Ерболаттың туған күніне арнап құттықтау видео түсірген. Аталған видеода өнерпаздар пианино батырмасын сомдап, әуен ырғағына сай қозғалады. Ал әуен әйгілі “Туған күніңмен” туындысына тиесілі.

Әншілердің тосынсыйы Ерболат Беделханға да, оның сүйіктісі Асыл Беделханға да ұнаған екен. Олар өз кезектерінде алғыс айтып, тосынсыйдың өздеріне ерекше әсер еткендігін жеткізді. Алайда бұл әншіге арналған жалғыз тосынсый емес. Жігіттер продюсерлерінің жұмыс бөлмесін де туған күнге арнап безендіріп қойған екен.


Жіберіп алмаңыз:

Сәкен Майғазиев “Ninety one” тобына қатысты пікір білдірді

Оңтүстік жастары: “Ninety one” тобына қарсымыз, Шымкентте концерт өткізуіне жол бермейміз (видео)

Алаяқтар Ninety one тобының атынан байқау өткізіп жатыр

Алтынбек Қоразбаев “Ninety one” тобын жақтап сөйледі

Талқылау