Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Николай Басков «Қазақстан аруын» биге шақырып, сұхбатқа тартты (видео)

«Қазақстан аруы-2014» атағын жеңіп алған Регина Вандышева Мәскеуде өткен «Ресей аруы-2016» байқауына барған. Онда Регинаның сұлулығына тәнті болған әнші Николай Басков оны биге шақырып, сұхбатқа тартқан.

регинаааа

 

«Сіздің есіміңіз кім? Сіз «Қазақстан аруы» емессіз бе? Мен қазақстанды сондай жақсы көремін! Сіздерде қаншама бай адам бар. Сіз Мәскеуде не істеп жүрсіз? Қазір бәрі Қазақстанда емес пе?»,-деген сарындағы сауалдарды әнші Регинаға жаудырған.


«Қазақстан аруы» Ресейде өткен байқауды тамашалауға барғанына дән риза болып қайтқаны жайлы сұхбат берген. Өзін биге шақырған әнші жайлы да айтуды ұмытпаған. «Николай өте көңілді әрі ашық адам. Жабық есік жағдайында өткен кеште ол барлық аруға гүл силап, мақтау жаудырды»,-деген «Қазақстан аруы»

Талқылау