Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нихан кинодағы сүйіктісі Кемальдің тойына неге келмеді?

«Өшпес махаббат» (Kara sevda) телехикаясындағы Кемаль мен Ниханды жұп ретінде көріп үйреніп қалған көрермендер үшін қос актерді өзгелермен елестету қиын. Алайда екеуінің де өмірлік серіктері бар.

кемаль нихан фахрие

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Актриса Неслихан Атагюль (Нихан) 2016 жылы актер Кадыр Догулуға тұрмысқа шықса, күні кеше Бурак Озчивит (Кемаль) актриса Фахрие Эвдженмен шаңырақ көтерді.

Алайда Неслихан Атагюль кинодағы сүйіктісі Бурак Озчивиттің тойына келмеді. Себебі осыдан тура бір жыл бұрын Неслиханның күйеуі мен Бурак араз болып қалған. Арадағы түсініспеушіліктен кейін Бурак әріптестерінің тойына келмей қойған. Алайда жұртқа сүйіктісімен бірге шетелде жүргендігін сылтау еткен.

19622927_146262069270123_2636614662770130944_n

Негізі Қадыр мен Бурак бұрыннан дос. Алайда бар мәселе Қадырдың Неслиханды қызғануынан басталған. «Өшпес махаббат» телехикаясының түсірілімі кезінде жары Неслиханның Буракпен сүйіскені Қадырға ұнамай қалса керек-ті. Түрік басылымдары Қадырдың қызғанышы туралы жарыса жазған шақта Бурак оған:

«Қадыр менің досым. Арамызда ешқандай келіспеушілік жоқ», – деп жауап берген еді.

Өз кезегінде Қадыр Twitter-дегі парақшасында Бурак жайында: «Неткен өзімшіл адам еді. Ол өте қауіпті», – деп жазыпты.

Әріптес-досына ренжіген Бурак оның тойына келмеуді жөн көрген. Ал кинодағы сүйіктісі Неслиханды (Ниханды) телефон арқылы құттықтапты.

Айтпақшы, Бурак пен Қадырдың арасындағы араздық Kara sevda актерлерінің қарым-қатынасына сызат түсірген ұқсайды. Бұған Бурак пен Неслиханның Instagram-да бір-бірлерін достықтан өшіріп тастағаны дәлел бола алады.

Жіберіп алмаңыз:

“Иванушкидің” экс-солисі Олег Яковлевтің алкогольдан уланғаны белгілі болды

Димаштың концертіне 50 елдің басын біріктіретін фан ұйым келген

Америкалық әйел: Димашқа дейін Қазақстан мемлекеті туралы мүлдем білмедім

Гүлзира Айдарбекованың жаңа автокөлігі қызу талқыға түсті

Талқылау