Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нығматуллина 119 соққыдан қайтыс болған әкесінің кегін қайтарғысы келеді

Қазақстанда ғана емес, шетелде де танылып жүрген Линда Нигматуллина әкесінің қалай қайтыс болғанын еске алып, ол үшін кек қайтарғысы келетінін айтты.

image

Суреттер: ugranow.ru

1985 жылдың 12 ақпанында Талғат Нигматуллиннің белгісіз біреулердің қолынан қаза тапқаны туралы қаралы хабар халыққа жеткен болатын. Оның мәйіті Вильнюс орталығындағы пәтерден табылды. Нигматуллин қабырғалары, мұрны мен басы сынғанымен қоймай, 119 жерінен соққы алған.

Актрисаның әкесі “ХХ ғасырдың қарақшылары” фильмінен кейін соғыс өнерін мықты меңгергендігімен танылған болатын. Халық осыдан кейін неге өзін мұнша азаптауға мүмкіндік бергенін әлі күнге дейін түсінбей келеді.

“Әкем менің екі жасымда қайтыс болған. Бірақ өсе келе көз алдыма бір бөлме ішінде тұрған әкем мен жаман адамдардың бейнесі келе береді. Неге екенін білмеймін осы оқиға есімнен бір сәтке де шықпайды. Көзімнен жас ағып, көкейімді кек кернеп қоя береді. Әкемнің кегін қайтарғым келеді. Бар байлығым – әкемнің иығында отырып түскен суретім. Әлемнің қай жеріне барсам да, әлгі суретті қолыма алып, төсегімнің бас жағына қойып қоямын. Оны өзіммен бірге тастамайтыным соншалық, жақында қайта қалпына келтіруге бердім. Ойланып отырып әкемнің жүзіне қараймын. Анамның сөздерінің бе, әлде қалған мұрасының әсері ме, оны түсімде жиі көремін”.

92f2363c72e0f56b1d196dba5d5cee11

Тергеу жұмыстары барысында таңқаларлық фактілер ашылған еді. Кеңес үкіметінің 70-жылдарында журналистер, жазушылар мен суретшілер баратын секта болған екен. Аталған сектаның басында қырғыз ғалымы Абай Бөрібаев пен көріпкел Мырза болған. Сектанттар “Төртінші жол” деп аталатын дзен-буддизм мен эзотериканың қосындысынан дін ойлап тапқан. Осы діни бағытты ұстанғандардың арасында Талғат Нигматуллин де болған. Ғалым Абай сегіз жыл бойы оның ағартушы ұстазы болған. Артынша әзірейіліне айналған. Тергеу жұмыстары барысында аталған секта мүшелерінің сегіз сағат бойы Талғат Нигматуллинді аяусыз ұрып-соққаны белгілі болған. Ал “Неге?” деген сұраққа әлі күнге дейін жауап жоқ. 14 жылға бас бостандығынан айырылған Абай Бөрібаев тергеу абақтысында белгісіз себептен қайтыс болады. Мырза мен өзгелері 10 жылға бас бостандығынан айырылады.

3

“Әкем қайтыс болған соң анам да мына жалған дүниеден ғайып болып кеткісі келді. Тіпті қаралы хабардан кейін он күн бойы тамақтан бас тартып, ешкіммен тілдеспей жатып алды. Әжем мені қолымнан жетектеп алдына апарып “Өмір сүргің келмей ме? Өзің біл! Бірақ мынаған қарашы… Сенің қызың мына жалғанда тұл жетім болып қалады!”, – деді. Осы сөздер анама қатты әсер етіп тамақтанды. Артынша ақырындап ел қатарлы өмір сүре бастады. Алайда, әкеммен бірге тұрған Ташкенттегі пәтерде көп уақыт бойы қала алмады. Біз Алматыдағы ата-әжемізге көшіп келдік. Анам ешкімнің көмегінсіз ішін удай ашытқан қайғысын өзі жеңгісі келді. Тергеушілер мен журналистер мазасын ала берген соң бұл оңайға соқпады. Режиссерлар болса Нигматуллиннің жесірін өздерінің фильмінен көргісі келді. Мұның барлығынан анам қатты шаршап, кинодан түбегейлі бас тартты”.

2

Актрисаның анасы мен әкесі түсірілім алаңында танысқан. Олкезде әкесі 33 жаста болса, анасы енді ғана 19 жасқа толған шақ екен.

Актриса некесі сәтсіз болған соң ешкіммен көңіл қосуға асықпайтыны туралы айтқан болатын. Алайда жақын күндердің бірінде өзінен бірнеше жас кіші азаматпен кездесіп жүргені туралы ақпарат пайда болды. Бұл жолы кіршіксіз сезім тойға ұласар-ұласпайтыны әзірге белгісіз.

Талқылау