Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нигерия тұрғыны итіне ел президентінің есімін берді

Итін елдің мұсылман президентінің құрметіне қойған Нигерия тұрғыны қоғамдық тәртіпті бұзды деп жауапқа тартылды.

151224163732_muhammadu_buhari_624x351_afp_nocredit

Фото: bbc.com

Бұл туралы Reuters хабарлайды.

Огун штатының тұрғыны итіне Бухаридің лақап атын қойған. Ол лақап атты иттің қабырғасына жазып, оны ертіп алып көшені аралап шыққан. Мұны көрген тұрғындар ел басшысының атын иттің үстінен көріп, полицияға шағымданады. Ер адамды тұтқынға алғанымен, оны кейін кепілдікпен босатқан.

Жергілікті полиция болса, ер адамның әрекетін арандату мен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу деп бағалаған.

Мұнай бағасының құлдырауы Нигерияға да кері әсер етіп, соңғы он жылдықта аталмыш елдің эконмикасы күрт төмендеді. елде жұмыссыздар саны артқан.

Талқылау