Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесі: Әзірбайжаннан кеткенде Ниджатты ешкім тоқтатпады, оның тағдыры жерлестерін қызықтырмады

Рио Олимпиадасының Қазақстан қоржынына алтын медаль алып берген Ниджат Рахимовтың әкесі бір кездері ұлының Әзірбайжан құрамынан кетуі жайлы сұхбат берген еді.

20160811171834

«Мені дұрыс түсініңіздер, мен ұлымның деңгейі жоқ, спортшылары темекі шегіп, ішімдік ішетін командада қатысқанын қаламаймын. Мұндай жағдай Ниджаттың деңгейін түсіріп, оның жолын бөгейді. Мен Ниджаттың командадан кететінін айтқанда, федерация өкілі Ескендір Аскеров Грузия атынан ойнауға ұсыныс жасады», – дейді әкесі.

«Ең көңілге бататыны, Ниджатты ешкім тоқтатқан жоқ. Оның тағдыры жерлестерін еш қызықтырған жоқ. Мен түрлі федерацияларға хабарласа келе Қазақстанды таңдадым. Мен баламның Қазақстан атынан қашан сынға түсетінін білмеймін. Шынымды айтсам, Ниджаттың Әзірбайжан құрамасынан шеттетіліп қалғаны өкінішті. Бірақ, кетпеген жағдайда мықты спортшы ол жерде жақсы нәтиже көрсете алмас еді», – деп күйінеді ол.

Қазақстандық зілтемірші Ниджат Рахимов Рио Олимпиадасында алтын медальді олжалаған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Ауыр атлет Ниджат Рахимов марапаттау рәсімінде жылап жіберді

Фото: Рио Олимпиадасындағы қазақстандық спортшыларының жеңісті сәті

Президент спортшылардың Олимпиададағы алтын жүлделерін жоғары бағалады

Талқылау