Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нидерланд басшылығы адам эмбриондарын өсіруге рұқсат бермек

Нидерланд елінің басшылығы зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін адамның эмбриондарын өсіруге рұқсат бермек.

embrion

Нидерланд елінің денсаулық сақтау министрі Эдит Схипперс ғылыми зерттеулерге арнап эмбрион өсіруге рұқсат бермек. Ол осылайша адамдардың дені сау сәбиді дүниеге әкеле алатынын айтады.

Аталған зерттеу жұмыстарының мақсаты – обыр ауруынан кейін дүниеге бала әкеле алмайтын жандарға көмек көрсету. Ең бастысы, бедеулікке шалдыққан әйелдерге сәбилі болуға жағдай жасау.

Ел басшылығы тек артылып қалған эмбриондармен тәжірибе жасауға рұқсат бермек. Ал зертханада эмбрионды 14 күннен артық өсіруге болмайды деген ереже қатаң сақталатын болады.

“Осы уақытқа дейін ұзақ немесе қысқа мерзімде көмек көрсету үшін эмбриондарды өсіру мәселесі біраз тежелген болатын”, – делінген баспасөз хабарламасында.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Ұлыбританияда ғалымдар гендік инженерия тәсілдерінің көмегімен ұрықтың ұзағырақ өмір сүруіне жағдай жасауға рұқсат алған болатын. Ал өткен жылы Қытай ғалымдары адамзат тарихында адам эмбрионының генетикалық кодының алғаш рет табысты модификацияланғанын хабарлаған.

Талқылау