Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ниццадағы террористің гомосексуалды болғаны анықталды

Ниццада қанды оқиға ұйымдастырған терроршы Мохамед Бухельдің телефоны мен ноутбугында өлім жазалары мен интимді сипаттағы фотолор көптеп табылған.

Безымянный

Сурет: life.ru

20-ден аса француздық полицейлер мен мамандар терроршының жеке тұлғасын анықтаған. Оларды бәрінен бұрын террористің сексуалды өмірі қызықтырды.

Әлеуметтік желілердегі жазбаларына қарағанда Бухлель әйелімен ажырасқан соң күніне 3-4 рет сексуалды қатынаста болған. Ол өзінің бұл әрекеттерін видеоға түсірген. Тіпті оның ер адамдармен де интимді қатынасы түсірілген. Бұл туралы құқық қорғау органдары BFM телеарнасына хабарлайды.

Психологтардың көмегінше, теракті болардан екі апта бұрын ол ішімдік ішуді қойып, радикалды исламмен айналысқан. Сақалын өсіріп, теракті жасауға дайындалған.

Айта кетейік, Францияның Ницца қаласында жойқын теракт жасалды. Ниццадағы лаңкестіктің куәсі болған қандасымыз басынан кешкенін баяндап берген. Қанды оқиғада Қазақстанның 4 азаматы қаза тапты.

Талқылау