Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ниццадағы теракт кезінде жоғалған сегіз айлық бала Facebook арқылы табылды

Ниццада ұйымдастырылған лаңкестік оқиғадағы абыр-сабырда жоғалған сегіз айлық сәбиді Facebook желісінің қолданушылары тауып берді.

ФБ

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Тобыр арасында сәбиінен көз жазып қалған Тиава Баннер (Tiava Banner) әлеуметтік желі қолданушыларынан көмек сұраған.

«Біз 8 айлық сәбиімізді жоғалтып алдық. Ниццадағы достар, егер сәбиді көрген болсаңыздар, тауып алсаңыздар, маған хабарласыңыздаршы», – деп жазған Тиава Facebook парақшасына.

Оған бейжай қарамаған желі қолданушылары баланы тауып берді.

«Facebook-ке рақмет, бізге қол ұшын созған, қолдау білдіріп хабарлама жазған адамдарға рақмет!» – деп бақытты ана жаңа пост жазған.

Сол мезетте жергілікті “Nice-Matin” (Ницца таңы) басылымы бейсенбі күні кешке 54 баланың қалалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

 

 

Талқылау