Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ниццадағы оқиғаны баяндаған хиджабтағы британдық журналистің басы дауға қалды

Британдық журналист Ниццадағы оқиғаны баяндаған хиджаб киген тележүргізушіні айыптады. Оның материалы қоғамдық наразылық тудырып, 300-ге жуық шағым айтылған.

Безымянный

Сурет: www.vesti.ru 

Ұлыбританияда Channel 4 телеарнасынан жаңалық тараған соң нағыз жанжал басталған. Онда хиджаб киген қыз Ниццада болған оқиға туралы баяндаған. Осыдан соң The Sun газеті Кельвин Маккензидің бұрынғы бас редакторын айыптап, мақала жариялаған.

Мақалада «хиджабтағы қыздың жантүршігерлік жағдайда адам өлтірген мұсылман жайында баяндағанын» айыптаған. Маккензидің айтуынша, ол жүргізуші Фатима Манджидің эфирде теракті жөнінде хабарлағанда өз көзіне өзі сенбегенін айтқан.

Channel 4 арнасы Манджиді қолдап арыз жазған. Онда журналистің діни, нәсілдік араздықты тең ұстайтыны айтылған. Кейіннен газет даулы мақаланы өшіріп, жүргізушінің телеарнада Британияның көп ұлтты және ұлы ел екенін айтып жатыр деген материал жариялаған. Басылым қызметкерлері Маккензи жөніндегі мақалаға қатысты пікір білдіруден бас тартқан.

Айта кетейік, Францияның Ницца қаласында жойқын теракт жасалды. Ниццадағы лаңкестіктің куәсі болған қандасымыз басынан кешкенін баяндап берген. Қанды оқиғада Қазақстанның 4 азаматы қаза тапты.

Талқылау