Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ниццада жас келіншек тура теракт кезінде босанып қалған

Францияның Ницца қаласындағы теракт кезінде Англиялық жағалауда әйел босанып қалған.

1466454985

Сурет cdn2.img

Бұл туралы today.kz хабарлайды.

Босанған әйел және мыңдаған адам өздеріне қарай бағытталған жүк көлігінен қашып құтылуға тырысқан. Жас келіншек жүктіліктің тоғызыншы айында болыпты. Қатты қорыққаннан оның толғағы басталып кеткен. Жағалауда орналасқан мейрамхана қызметкерлері жас босанған әйелді асүйге ауыстырып, ғимаратты бөгде адамдардан қорғаған.

Мекеме басшысы ұлының айтуынша, адамдар тіпті тоңазытқышқа кіріп жасырынған. Ал дәрігер әйелді еденде босандырып алған. Сосын құтқарушылар келіп, баласы екеуін алып кетеді.

Еске сала кетсек, 14 шілде күні Ницца қаласында жүк көлігі сағатына 60-70 шақырым жылдамдықпен адамдар көп шоғырланған ортаға келіп соғып, аса күшті теракт жасады. Нәтижесінде 80-нен астам адам көз жұмды.

Бұған дейін аталмыш теракт барысында қазақстандық Наталья есімді азаматшаның қайтыс болғаны хабарланған еді. Сондай-ақ, Ниццада жүрген павлодарлық отбасы да оқиғадан соң байланысқа шықпай қалған. Ниццадағы лаңкестіктің куәсі болған қандасымыз да басынан кешкенін баяндап берген болатын.

Ал оқиға барысында жоғалып кеткен сегіз айлық бала Фейсбук арқылы табылды.

Талқылау