Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неймар Испания азаматы атанбақ

Бразилиядан көшіп келіп, «Барселонаның» құрамында жасыл алаңға шығып жүрген футболшы Неймар да Силва Жуниор Испания азаматтығын алуды ұйғарды.

during the FIFA Confederations Cup Brazil 2013 Semi Final match between Brazil and Uruguay at Governador Magalhaes Pinto Estadio Mineirao on June 26, 2013 in Belo Horizonte, Brazil.

Сурет livesport.ru

Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.

Бразилияның «Сантос» клубынан «Барселонаға» өту кезінде Неймарға төленген ақшаның нақты сомасына байланысты қозғалған қылмыстық іс оның тек жүйкесін жұқартып қоймай, қалтасын да біраз қақты. Қазірдің өзінде Бразилиядағы спортшының өзі мен отбасына тиесілі құны 46 миллион еуро тұратын мүлік тұтқындаулы тұр. Осының барлығына байланысты Неймар испан азаматтығын алып, Пиреней түбегіндегі корольдіктің салық органдарына есеп берген қолайлы деп шешті.

Ал «Барселона» үшін бұл өзгеріс тиімді болмақ. Себебі испан футбол федерациясының ережесі бойынша команда құрамында Еуроодаққа мүше емес елдердің тек 3 азаматы ғана өнер көрсете алады. Қазір команда өзінің осы мүмкіндігін толық пайдаланып отыр. Сәйкесінше, егер Неймар ЕО мүшесі болып табылатын Испанияның азаматтығын алып жатса, «Барселонаға» келуі мүмкін бір легионер үшін орын босайды

Талқылау