Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неймар әлем футболы тарихында бұрын-соңды болмаған бағаға сатылды

“Барселона” шабуылшысы Неймар ресми түрде франциялық ПСЖ клубының ойыншысы атанды. Бұл туралы париждік клубтың ресми сайты жария етті.

Безымянный

“Барселона” мен Каталония менің жүрегімде мәңгі қалады, бірақ маған жаңа шақыртулар керек. Мен жанкүйерлері асыға күтіп отырған клубқа жаңа титулдарды алып беруге көмектесу үшін ПСЖ ұсынысын қабылдадым. ПСЖ менің өмірімдегі жаңа белес, мен оған дайынмын”, – деп жазды ойыншы Инстаграмдағы парақшасында.

Париждік клуб Неймарды қатарларына қосу үшін “Барселонаға” 222 млн евро төлеген. Келісім-шарт 5 жылға жасалып отыр.

Бразилиялық ойыншы “Барселона” қатарына 2013 жылы келіп қосылды. “Барселона” сапында Чемпиондар Лигасының жеңімпазы, Испания чемпионы, Испания кубогы мен суперкубогының иегері, клубтар арасындағы әлем чемпионы секілді атақтарға қол жеткізді.

Оқи отырыңыз:

Головкин: Альварес қорқуды білмейтін жауынгер

“Барселона” шабуылшысы Неймар алаңда төбелес шығарды (видео)

Твумаси мен Кабананга «Астанамен» келісімшарттарын ұзартты

Мен сатқын емеспін: Қазақстандық боксшы не үшін Альвареспен жаттығып жүргенін түсіндіріп берді

Талқылау