Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ауаға бұрқыратып у шашты": Түркістан облыстық ішкі істер департаменті түсініктеме жасады

Түркістан облысы тұрғынының “ауаға бұрқыратып у шашты" деп түсірген видеосы әлеуметтік желі қолданушылары арасында таралып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына слітеме жасап. 

Әлеуметтік желіде таралған видео тұрғындарды шошытты. Өз кезегінде бұл оқиға жайлы Түркістан облыстық ішкі істер департаменті пікір білдірді. 

"22.07.21 әлеуметтік желіге таралған бұл бейнежазбаға сәйкес, Созақ АПБ қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Созақ аудандық СЭББ-ға қарасты автокөлік екені және Қырым-қанды безгегі бойынша залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатқаны анықталды. Сондай-ақ бейнежазбаны таратқан Созақ ауданының тұрғыны анықталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді", – делінген министрлік хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін осыған ұқсас жағдай Талдықорғанда орын алған еді. 

Талқылау