Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатты жаңбыр мен бұршақ жауады: Алдағы күндерге ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет 10-12 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Орталығы Сібірдің батысында орналасқан циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер, елдің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына әсерін сақтайды.

Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Бұл аймақтардағы температура фоны түнде 8-15 градус, ал күндіз 17-22 градусқа дейін жылы болады.

Республиканың қалған аумағында кең антициклон құрғақ және шуақты ауа райын қамтамасыз етеді. Республиканың батысы мен оңтүстік-батысында 45 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Талқылау