Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Медициналық диплом сатып алмақ болған Алматы облысының тұрғыны алаяқтың арбауына түсті

Алаяққа диплом жасату үшін 250 мың теңге берген Алматы облысының тұрғыны алданып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ақша

27 шілдеде Ескелді аудандық полиция бөліміне Қарабұлақ кентінің 53 жастағы тұрғынының алданғаны туралы хабарлама түсті. Ол медициналық білім бойынша диплом жасауға уәде беріп,  жалпы сомасы 250 мың теңге ақша қаражатын иемденген әйелге қатысты шаралар қабылдау туралы жазбаша өтінішпен жүгінген.

Істі өндіріске қабылдаған аға тергеуші медициналық қызметкердің атын жамылған күдіктіні тез арада ұстады. Жиналған дәлелдемелерді көрсеткеннен кейін әйел заңсыз әрекеттерін мойындаған. 

Аталған факт Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігі "Алаяқтық" бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бүгінде күдіктінің басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Талқылау