Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

19 миллионыншы қазақстандық туралы не білеміз?

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистикасы бюросының деректеріне сәйкес, 20 маусымда 19 миллионыншы қазақстандық дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

19 миллионыншы қазақстандық 3 тамызда Алматыдағы перинаталдық орталықта дүниеге келген. 

"Есімі – Жания Азаматқызы, ата-анасы: Азамат Нұрғалиев 1982 жылы туған, анасы Назгүл Көбентаева 1986 жылы туған, Алматы облысы Іле ауданы Чапаево ауылында тұрады", – делінген хабарламада. 

19 миллионыншы қазақстандықты анықтау барлық демографиялық оқиғаларды: табиғи қозғалыс өсімін (белгілі бір
кезеңде туғандар мен қайтыс болғандар арасындағы айырма) және халықтың көші-қон айырымын (еліміздің
аумағына белгілі бір кезеңде келгендер саны және кеткендер саны арасындағы айырма) ескеріп жүргізілген.

Жалпы тәуелсіздік жылдары ішінде халық саны 2 557,9 мың адамға (15,5%) өсіп, ағымдағы жылғы 1 шілдеге 19 009,6 мың адамды құрады.

1991 жылмен салыстырғанда жаңадан туған нәрестелер саны 353,2-ден 426,8 мың адамға өсті.
Бала туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда туылғандар саны көрсетеді. Тәуелсіздік жылдар ішінде 1991 жылы 21,5-тен 2020 жылғы 22,8 туылғандарға өсті.

Айта кетейік, 18 миллионыншы қазақстандық 2017 жылы тіркелген болатын. Ол да Алматы облысының тұрғыны. 18 миллионыншы қазақстандық – 2017 жылдың 11 мамырында Талдықорған қаласында Мүслима Саматқызы. Мүслиманың ата-анасына үш бөлмелі пәтер сыйға тартылған болатын. 


Тәуелсіздік туралы үздік 10 өлең

Талқылау