Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның кейбір өңірлерінде вакцина дұрыс сақталмаған

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте вакцинаны тасымалдау мәселелсіне тоқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

вакцина

Мемлекет басшысы вакцинаға күмәнмен қарайтындарға, екпенің қаншалықты маңызды екенін түсіндіру қажеттігі туралы сөз етті. 

Сондай-ақ кейбір аймақтарда вакциналарды сақтаудың температуралық режимін бұзу фактілері анықталды. Бұл вакцинаның әсер ету тиімділігінің төмендеуіне себеп болғанын айтты. 

“Вакциналарды тасымалдау мен сақтаудың барлық аспектілері нақты қарастырылуы керек. Өкінішке қарай, соңғы мәліметтер барлық облыстардың бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырмағандығын көрсетеді”, – дейді мемлекет басшысы. 

Талқылау