Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзенде тағы шу: 300-ге тарта жұмысшы наразылыққа шықты

Жаңаөзенде "KMG Security" компаниясының 300-ге тарта жұмысшысы наразылыққа шықты. "ӨзенМұнайГаз" компаниясының өндіріс ошақтарын күзететін жұмысшылар басшылық тез арада жалақыны көбейтіп берсін деп талап етіп отыр. Келіспеген жағдайда барлығы бір ауыздан жұмысқа шығудан бас тартпақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

"KMG Security" компаниясының 300-ге жуық күзетшісі кеңсе алдына жиналып, талаптарын айтты. Олар жалақымыз кемінде 150 мың теңгеге көтерілмей, жұмысқа шықпаймыз деп отыр. Сондай-ақ әрбір мереке сайын қосымша сыйақы төлеуді талап етеді. Айтуларынша, азық-түлік қымбаттағалы азғантай ғана айлықтары ештеңеге жетпей қалған.

Күзет кеңсесін қоршауға алған наразы топ басшылық шығып, жауап берсін деп тұрып алды. Бірақ қызметкерлерімен тілдесіп, төбе көрсеткен ешкім болмады.Тіпті мекеменің табалдырығын аттау да мүмкін болмаған.

Ақыры, шұғыл жиналыстан қазір ғана шыққанын айтып, көп күттірген компания директоры да келді. Ол жұмысшылардың арызы орынды дейді. Айтуынша, айлық жалақыларын көтеру мәселесі де қаралыпты.



“Жігіттерге айттым. Арыз жазыңдар дедім. Жұмыстарыңнан қалмаңдар. Просто бұл вопростар через Астана шешілетін вопростар. Көбінің екінші жұмыстары бар. Бұларға сутка істеген ыңғайлы. Сондай істегісі келеді. Директордың айтуынша, бұл мәселе бұған дейін де көтеріліпті. Бірақ дәл жалақыны көтеретін кезде елді індет жайлап, кейінге шегерілген екен”, – дейді "KMG-Security" ЖШС директоры Аман Темірәлиев. 

Ал ашуға булыққан күзетшілер айлық өспей, жұмысқа шықпаймыз деп отыр. 

Талқылау