БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

“Неткен тұрақтысың”: Бүркіт Аишаға өзінің қандай қасиеті ұнамайтынын айтты

Бүркіт пен Аишаның Бали аралындағы демалысы жалғасуда. Жұлдызды жұптың шетелде жүргеніне 2 айға жуықтады. Алғашқыда Еуропада саяхаттаған олар бүгінде Индонезияда күнге күюде, деп жазады Stan.kz.

"Неткен тұрақтысың": Бүркіт Аишаға өзінің қандай қасиеті ұнамайтынын айтты
Бүркіт әлеуметтік желідегі парақшасында демалыстың қызықтарымен бөлісіп тұрады. Жақында ол Аиша екеуінің үш баладан қай кезде демалаты жайлы айтып берген болатын.

“Тек кешкі астан кейін демалуға мүмкіндігіміз бар. Сафиямыз еңбектеп айналамызда жүреді, екі тақырбас айпадтан көз алмайды! Ал біз бір 20 минуттай екеуіміз әңгіме құрып демалып отырамыз. Біздің кешкі асқа барғанымыз әншейін арпалыс деп атауға болады: “Әй, Омар, аузыңды аш! Мынаны же! Ананы іш! Зейін, не күтіп отырсың? Тамағың суып қалды ғой, жесеңші! Анау сок суық, күте тұр! Шай іш! Мына жақта Сафия, детский стульчикке отырғысы келмей жармасып жатады. Оның да аузына кашаны салып үлгереді әйтеуір Аиша! Арпалыс! Кешкі астан соң бізде “тиxий час” секілді. Әркім өзінің ісімен айналысып жатады! “Уф” деп отырамыз. Бала бағу оңай емес. Соңғы айда мен 9 кг салмақ тастадым! Соны Аишаға айтып едім, ол: – Молодец, ты плаваешь! Загараешь и много двигаешься. Поэтому! – деді. Ал, мен ішімнен: – Аxа, на рыбе далеко не уедешь!- деп ойладым”, – деп оқырмандарын күлдірді Бүркіт.

Сондай-ақ, күні кеше Бүркіт Аишаға ұнамайтын қасиеті жайлы айтты.

“Иә, мен гурманмын, дәмді тамақ жегенді ұнатамын. Отбасымызбен бірнеше күннен бері бір ғана мейрамханаға барып жүрміз. Онда кәріс, жапон, еуропалық және индонезиялық асхана бар. Балаларға да жақсы, маған да. Бүгін әйеліме сол мейрамханаға барайық дегенімде: “Не деген тұрақты адамсың”, – деді. Оны түсінемін, себебі бұл бірінші рет емес.

Бірден өзімнің жақтастарымды іздеп, Зейін мен Омардан “Сендерде осы жердің тамағы ұнайды ғой?” деп сұрай бастадым. Әйелім күліп жіберді. Енді қайтейін? Өзім күніне бір-ақ рет тамақтанамын. Таңғы ас пен түскі ас ішпеймін. Тек қана кешке тамақтанамын.

Жалпы тексерілген жерлерге барғанды ұнатамын. Ал әйелім үнемі жаңа нәрселер іздейді. Барлық нәрседе тұрақты болу ер адамға ғана тән қасиет шығар?! Білмеймін, көлікті бір орынға қойғанды ұнатамын, азық-түлікті де бір дүкеннен аламын. Бір көшемен жүргенді, айта берсем мұндай мысалдар көп. Тұрақтылық жаман ба? Менің тұрақтылығым барлық нәрседе көрінеді. Есесіне маған солай өмір сүрген жеңіл. Ойлап, әрі қарайғы әрекеттерімді жоспарлаған жеңіл”, – дейді Бүркіт.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр