Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Nestle бірқатар өнімін құрамындағы шыны сынықтары үшін қайтарып алуда

Түрлі тағамдар мен сусындар әзірлейтін әлемдегі ең ірі өндіруші концерн – Nestle SA өнімдерін кері алдыртуда. Бұған өнім құрамында шынының болуы себеп.

e261eb8722eb67a2040f6a8f7ddc0c8b09043066

Сурет capital.ua

Бұл туралы 24.kz  сайты хабарлайды.

Әңгіме компанияның DiGiorno, Lean Cuisine және Stouffer’s сериясына тиесілі өнімдерінің шектеулі даналары туралы болып отыр. Әзірге бұл өнімдерден ешкім зардап шекпеген.

«Біз бұл тауарларды ешкім зардап шекпей тұрғанда кері шақыртып отырмыз, себебі олардың құрамында шыны сынықтары болуы мүмкін. Тергеу амалдарының жалғасып жатқанына қарамастан, өнім құрамындағы саумалдықтарда шынының болуы әбден мүмкін деп топшылап отырмыз», – делінген компанияның баспасөз релизінде. Бұл уақытқа дейін компанияға бірнеше тұтынушы кейбір өнімдердің ішінен кішкене шыны сынықтарын тапқанын хабарлаған.

Талқылау