Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Несиесін өтеу үшін жалғызбасты келіншекті азаптап өлтірген шымкенттік таксист 19 жылға сотталды

Шымкент соты несиесін жаба алмай жалғызбасты келіншекті азаптап өлтірген атышулы таксистке қатысты қылмыстық іске нүкте қойды. Ол алдағы 19 жылын темір тордың ар жағында өткізеді. Биылғы жылдың қаңтарында такси жүргізуші жолаушыны тонап, артынша оны қинап өлтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеп.

Несиесін өтеу үшін жалғызбасты келіншекті азаптап өлтірген шымкенттік таксист 19 жылға сотталды

Сондай-ақ, оның құйтырқы жоспары бірнеше минут ішінде ойға келген сияқты. Сотталушы несиесін өтеуі тиіс болған және ол сол уақытта банкоматтан ақшасын шешіп жатқан келіншекті көріп қалған. Жолаушының ақшасы бар екенін білген таксист қандай да бір сылтаумен оны қаладан алып шығып, өлтіріп кеткен.

Басын жерге салбыратқан қылмыскер алдағы 19 жылдағы болашағын тыңдап тұрды. Жолаушыны буындырып өлтірген түркістандық 26 жастағы такси жүргізушісі Қуанышбек Құлбеков жазасын колонияда өтейтін болады. Ол қаңтар айында банктегі 40 мың теңге қарызын адам қанымен өтемекші болды. Жас келіншектің банкоматтан қомақты соманы қалай шешіп жатқанын көрген қылмыскер, осындай ақшамен қалада жүру қауіпті екенін айтып, жолушыны көлігіне отырғызып алған.

«Ол алдымен жәбірленушіге қарақшылық шабуыл жасаған, сосын қылмысты жасыру үшін оны өлтірген. Прокурор 18 жыл беруді сұрады, бірақ біз оны 19 жылға соттадық. Себебі, қылмыстың ауыртпалығын ескере отырып, біз оған 19 жыл тағайындадық»,-дейді сот төрағасы Сәмиддин Темірәлиев.

11 қаңтарда 24 жастағы Әйгерім Тасболатова банктік карточкасына ақша алмақшы болған. Ол банкоматтан ата-анасының 205 мың теңге зейнетақысын шешіп алғаннан кейін, үйіне оралмаған. Полиция қызметкерлері оның денесін екі аптадан кейін Түркістан қаласының маңынан тапқан. Ал қылмыскерді жәбірлеушіден ұрлап, сатып жіберген ұялы телефон арқылы тауып алған. 24 жастағы келіншекті өлтірген азамат осылайша қолға түскен. Ол өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Бірақ марқұмның туыстары оны кешіре алмады. Өйткені жас мұғалімді үйінде әлі күнге дейін кішкентай ұлы мен қызы күтіп отыр екен.

«Бұл үкімге қанағаттанбаймын, оған аз уақыт берілді деп санаймыз. Біз оған 25 жыл бергенін қалаймыз. Оның жасаған қылмысын көтеру мүмкін емес. Бұл біз үшін өте ауыр. Оның балалары әлі күнге дейін түн ортасында оянып, аналарының қашан келетінін сұрайды. Ал біз оларға не деп жауап беретінімізді білмейміз»,-деді марқұмның анасы Дариға Айдарова.

Тағы да оқыңыз:

Елбасы жер бетінде кедейлердің неліктен көп екенін айтып берді

Жолда жатқан ақшаны алмаңыз: Алматыда 90-жылдары белең алған алаяқтық қайта пайда болды 

Мұсылмандарға сүннет: Рамазан айында әр күні оқылатын тарауық намазының үкімдері

Алматы облысында көлік апатынан 5 адам мерт болды

Талқылау