Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Непалдың тәтті алтыны бал жинау науқаны (фото)

Гурунг тайпасы бірнеше ғасырдан бері Гималай бөктерінен жабайы араның балын өндірумен айналысады. Қазір бұл дәстүрге үлкен қауіп төніп тұр. Сахатшылар саны артқан сайын олар жабайы балды өндіруге араласқылары келеді. Қауіпті аймаққа барып бал жинауды өз көздерімен көріп, қолдарымен ұстағысы келеді екен.

бал7

Суретші Эндрю Ньюи жұрттың қызығушылығы артып жатқан жерге барып екі апта бойына бал өндірушілердің жұмысын тамашалаған. Бал жинаушылармен бірге жүген уақытта суретші олардың қандай қауіп -қатерді бастан кешіретінін көзбен көріп, кездейсоқ оқиғалардан шығу жолдарын үйреніп қайтты.бал6

Жабайы араның балын тау бөктерінен жинайтын азаматтар өмірлерін қатерге тіге отырып жар жағалауды бетке алады. Олардың құралы ретінде өздері өрген жіп пен ұзын ағаштан жасалған көсеуден басқа ештеңе жоқ. Ол ағашты «тангос» деп атайды. Көптеген бал аралары тау бөктерінің ең биік жеріне жайғасады.Олар жайғасар сәтте өздеріне қауіпсіз, күннің сәулесі түсетін аймақты таңдауға тырысады.


 

Жіберіп алмаңыз:

Әлемдегі жантүршігерлік мекендер: саяхаттуға батылыңыз жете ме (фото)


 

2013 жылы суретші осы аймаққа екі аптаға келген. Ол сол кезде-ақ үш күндік бал жинау науқанына қатысқан. Сол жылы бал жинау науқаны әдеттегіден алты аптаға кешіктірілген еді. Бал жинау науқанына шықпас бұрын тұрғындар жиналып, ырымын жасап құдайға құлшылық етеді екен. Олар құрбандыққа қой, гүл, күріш пен жеміс шалады. Бал жинауға баратын азаматтарды таңдап, оларды салтанатты түрде шығарып салады.бал4

Омарташы арнайы дайындалған сенімсіз арқаннан ұстанып, дайындап келген түтіндерін жібереді. Сол сәтте бал аралары ұяларын тастап қоныс аударады. Осы сәтте адамдар тездетіп ұялардағы балдарды бір адамның қолына жинай бастайды.

бал3

Қою түтіннен ештеңе көрінбеуі мүмкін. Ұяны көргендер қолындағы ағаш көсеумен ішіндегі балды тартқылап алады. Ол кезде көсеу бос шығуы да әбден мүмкін.

бал

Соңғы кездері жабайы араның балында деген сұраныс артқан. Себебі оны инфекцияға қарсы дәрі ретінде шипасын көргендер саны көбейген. Тіпті Жапония, Қытай, Корея сынды мемлекеттердің азаматтары арнайы келіп, алып кетеді екен. Көктемгі «қызыл» бал ең сұранысқа ие тауар болып тұр. Оның бір келісі 15 доллар екен. Енді мемлекет тау бөктеріндегі жабайы араның балын саудалауды заңдастырып, қарапайым халықты несібесінен айыру қаупі басым дейді жергілікті тұрғындар.

бал1

Бал жинаған кісі жерге түскен сәтте оның денесінен ара шаққан ізді, қан, тіпті сырылған, тас жаралаған іздерді байқауға болады.

бал2

Үш сағатқа созылатын жайттан кейін жиналған балды ыдыстарға жайғастырған азаматтар ауылға қарай бет алады. Жиналған бал әр отбасына теңдей бөлінеді. Әйелдер сол күні жаппай бал қосылған шай әзірлейді.

бал8

Талқылау