Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Непалда етеккірі келіп, үйден қуылған тағы бір қыз көз жұмды

Непалда салт-дәстүрге сәйкес, етеккірі келген бойжеткенді үйден қуып шыққан. Үйшікке барып отырған бойжеткен жылыну үшін от жағып, көп ұзамай көз жұмған.

Бұл туралы South China Morning Post басылымына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

«Жылыну үшін от жаққан, болжам бойынша ол оттың түтініне тұншығып қайтыс болған”, – деп хабарланды жергілікті полициядан. Өлім себебін нақтылау үшін полиция сараптама нәтижесін күтіп отыр.

Айта кетейік, индуизм дініне сәйкес, етеккірі келген әйелді үйден қуып шығады. Нанымға сай, ондай әйел лас болып есептеледі. Бірнеше күн бойы әйел ас әшпейді, ер адамға жақындамайды және ешқандай діни-жоралғыға қатыса алмайды.

Аталған салттың кесірінен бірталай қыз көз жұмса да, Непал халқы одан бас тартқан емес.

Жіберіп алмаңыз:

Әйел күйеуінің екінші рет үйленіп алғанын теледидардан білген

WhatsApp-та өзгенің хатын оқудың әдісі табылды

Әйелінің қызымен үйленген азамат сотталып кетті

Дәрігерлер пойыз астына түскен сәбидің екі аяғын денесіне қайта қосып берді

 

Талқылау