Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Немістің қаласында мигранттарға қоғамдық бассейндерге баруға тыйым салынды

Кельн қаласынан бірнеше шақырым қашықтықта орналасқан батысгерманиядағы Борнхайм қаласында ер-мигранттарға қаладағы қоғамдық бассейнге баруға тыйым салынып отыр.

z_02d180cd1

Бұл туралы Русская служба BBC хабарлайды

Мұндай ереженің қабылдануына, мигранттарды қабылдау орталығына көршілес орналасқан бассейн клиенттерінен түскен шағым себеп болған. Сырттан келушілер жергілікті әйелдерге жыныстық мақсатта қауіп төндірген.

Мұндай шешімді қала әкімшілігі қабылдады. Әкімшілік өкілі Маркус Шнапканың айтуынша, мигранттарға қылмыстық айып тағылмаған. Енді тек олар тәртібін түзегенде ғана, бассейнге кіре алмақ.

Қазіргі таңда Германияда жаңа жыл түнінде жасалған 100-ден астам сексуалдық оқиға бойынша зерттеу жүргізіліп жатыр. Солтүстік Рейн-Вестфалия  Ішкі істер министрі Ральф Йегер, ұсталғандардың көбісі Солтүстік Африка мен араб елдерінен келушілер екенін айтқан.

Полицияға берілген 652 арыздың 331-і сексуалдық дәметушілікке қатысты болса, екеуі зорлау ісіне байланысты. Бейсенбі күні Кельн прокуратурасы кез-келген іс бойынша ақпарат берген адамға 10 000 евро көлемінде сыйақы беретіндерін мәлімдеді.

Талқылау